Қазақстанның республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Аслан Мусиннің Германияда жүргені туралы ақпарат бүгін есеп комитетінің сайтында жарияланды.
Осы мекеменің баспасөз қызметінің хабарламасында "Есеп комитетінің төрағасы Аслан Мусин ағымдағы жылдың қазан айының соңына дейін кезектi жыл сайынғы еңбек демалысында болады, қазiргі уақытта ол Германияда дәрiгерлiк тексеруден өтуде" деп жазылған.
Бұған дейін оппозициялық басылымдардың бірінде Қазақстан президенті әкімшілігінің бұрынғы басшысы, қазірде есеп комитетінің төрағасы болып істейтін Аслан Мусин "Еуропаға қашты, ол қазір Германияда жүр" деген ақпарат жарияланған.
Алайда бейсенбі күні есеп комитетінің өкілдері Азаттық тілшісіне Мусиннің "президент әкімшілігінің келісімі бойынша демалыста жүргенін, оның "қашуына" қатысты мәлімет шындыққа жанаспайтынын" айтып, жауап берген еді.