Accessibility links

Қазақстанда діни ұйымдардың үштен бірі жабылады


Көліктердің арасындағы бос жерде намаз оқып жатқан адам. (Көрнекі сурет)
Көліктердің арасындағы бос жерде намаз оқып жатқан адам. (Көрнекі сурет)
Қазақстандағы діни ұйымдардың үштен бір бөлігі «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң талаптарына сәйкес болмауы себепті жұмысын тоқтатады. Бұл туралы Қазақстанның дін істері жөніндегі агенттік төрағасы Қайрат Лама Шариф Алматыда дін туралы заңды талқылауға арналған жиында мәлімдеген.

Шенеуніктің атйуынша, қазіргі уақытта елдегі діни бірлестіктерді қайта тіркеу жұмыстары атқарылып жатыр. Оның айтуынша, алдағы уақытта ахуалы күрделі аймақтарда экстремизмнің белең алуына қарсы тұру үшін арнайы ақпараттық-насихат топтары жұмыс істейтін болады.

«Келесі маңызды қадам – діни ұйымның жұмысына қатысты сараптама жүргізіледі. Нәтижесінде, ұйымның шынайы дінге қаншалықты қатысы бар екендігін анықтаймыз. Олардың пайдаланатын әдебиеттері, қызметі толық тексеріледі. Осылайша, экстремистік топтарға қарсы күресеміз», – деген Қайрат Лама Шариф.

Қазақстанда дін туралы жаңа заң былтыр қабылданған еді.
XS
SM
MD
LG