Accessibility links

Пәкістанда қаза болғандар саны 16 адамға жетті


Полиция өкілдері мен тұрғындар жарылыс болған жерде тұр. Сиби, Кветта провинциясы, Пәкістан, 11 қазан 2012 ж.
Полиция өкілдері мен тұрғындар жарылыс болған жерде тұр. Сиби, Кветта провинциясы, Пәкістан, 11 қазан 2012 ж.
Бүгін Пәкістанның солтүстік-батысындағы Дарра Адам Хел қаласында болған жарылыс салдарынан мерт болғандардың саны 16 адамға жетті. Кемінде 30 адам жараланған деп хабарлады билік өкілдері.

Бүлікшілерге қарсы күресті үйлестіретін мекеменің жанында тұрған автокөлікке орнатылған жарылғыш зат іске қосылған. Құрбан болғандардың көпшілігі сол маңда орналасқан базарда істейтін саудагерлер мен базарға сауда жасауға келгендер.

Әзірге бұл жарылысқа байланысты жауапкершілікті ешкім мойнына алған жоқ.
XS
SM
MD
LG