Accessibility links

Лондонда Pussy Riot-ты қолдаған акция өтті


Pussy Riot панк тобының әншілері сот залында. Мәскеу, 10 қазан 2012 жыл.
Pussy Riot панк тобының әншілері сот залында. Мәскеу, 10 қазан 2012 жыл.
Лондонда жексенбі күні Occupy London қозғалысының төрт белсендісі ресейлік Pussy Riot панк тобының әншілеріне қолдау танытып, Әулие Павел соборының кафедрасына өз-өздерін таңды.

BBC-дің хабарлауынша, белсенділер ақ түсті киім киген, біреуі мүгедектер арбасына отырған. Олар Інжілден үзінділер оқып, шіркеу билігін сынаған.

Акция төрт сағатқа жуық уақытқа созылып, полиция белсенділерді қамайтындарын ескерткен соң аяқталды. Акция Лондонда Pussy Riot қозғалысының лагерлері тігілгеніне бір жыл толу құрметіне орай өткізілді.
XS
SM
MD
LG