Accessibility links

Бакиевтің ұлы кепілге босатылды


Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің ұлы Максим Бакиев.
Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің ұлы Максим Бакиев.
Лондонда ұсталған Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің ұлы Максим Бакиев кепілге босатылды. Азаттық радиосы Қырғыз қызметінің хабарлауынша, бұл ақпаратты елдің сыртқы істер министрлігі растаған.

Associated Press агенттігі бұған дейін 12 қазанда Лондонда ұсталған Бакиевтің 7 желтоқсанда болатын сотқа дейін кепілге босатылғанын хабарлаған.

Ұлыбритания үкіметі Максим Бакиевті өткен аптада Қырғызстан мен АҚШ үкіметтерінің сұрауы бойынша қамаған.

Қырғызстанда Максим Бакиевке бірнеше айып тағылған. Олардың арасында мемлекеттің бірнеше миллион доллар қаржысын талан-таражға салған деген айып та бар.

Ал ресми Вашингтон Бакиевке АҚШ заңдарын бұзды деген бірнеше бап бойынша айып тақпақ болып, Ұлыбританиядан оны өзіне тапсыруды сұрады.
XS
SM
MD
LG