Accessibility links

БҰҰ ұйымдасқан қылмыстық топтардың табысын есептеді


БҰҰ-ның есірткі және қылмыстық істер департаментінің басшысы Юрий Федотов.
БҰҰ-ның есірткі және қылмыстық істер департаментінің басшысы Юрий Федотов.
Ұйымдасқан қылмыстық топтар жүргізетін операциялардағы ақша айналымы жылына 870 миллиард АҚШ долларын құрайды. Бұл туралы дүйсенбіде Венада трансұлттық қылмыспен күрес жөніндегі халықаралық конференцияда сөйлеген БҰҰ-ның есірткі және қылмыстық істер департаментінің басшысы Юрий Федотов мәлімдеді.

Ведомство басшысының айтуынша, қылмыстық топтардың қызметінен миллиондаған адам зардап шегеді. Олардың арасында адам саудасының құрбанына айналатын әйелдер мен балалар да бар.

Федотовтың айтуынша, ұйымдасқан қылмыстық топтардың құрылымы мен іс-әрекеті күрделі және олар негізінен заң мен құқықтық принциптер сақталмайтын елдерде әрекет етеді.
XS
SM
MD
LG