Accessibility links

Клинтон: Ливиядағы елшінің қазасына жауаптымын


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Ливиядағы америкалық дипломаттардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілмегеніне өзі жауапты екенін мәлімдеді. Қыркүйекте АҚШ-тың Бенгазидегі елшілігіне жасалған шабуылдан АҚШ елшісі мен үш америкалық қаза тапқан еді.

CNN телеарнасына берген сұхбатында Клинтон шетелдерде қызмет істейтін дипломаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету өзінің міндетіне жататынын айтты. Ол президент Барак Обама мен вице-президент Джо Байден АҚШ-тың Бенгазидегі елшілігінің қауіпсіздігін қорғауға қатысты шешім қабылдауға қатыспағанын да айтты.

Бүгін президенттікке үміткерлер Барак Обама мен Митт Ромни өткізетін дебатта Бенгазидегі жағдайға қатысты сұрақтар қойылады деген болжам бар. Республикашыл Митт Ромни "Бенгазидегі жағдай Обаманың сыртқы саясаттағы әлсіздігін көрсетеді, АҚШ үкіметін шабуыл туралы ақпаратты бұрмалады" деп айыптаған.
XS
SM
MD
LG