Accessibility links

"Қазақмыстың" мердігер кәсіпорны жұмысшылары ереуілге шықты


"Қазақмыс" корпорациясының жұмысшылары жалақыны өсіру талабымен ереуілге шықты. Жезқазған, "Анненский" кеніші, 6 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
"Қазақмыс" корпорациясының жұмысшылары жалақыны өсіру талабымен ереуілге шықты. Жезқазған, "Анненский" кеніші, 6 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Жезқазғанда "Қазақмыс" корпорациясының аумағында "Евротехсервис" компаниясының жұмысшылары жалақыны көбейтуді талап етіп, ереуілге шықты. Бұл туралы компания жұмысшыларының сөзіне сүйенген "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі хабарлады.

Ереуіл "Евротехсервис" орналасқан "Қазақмыстың" территориясында өтіп жатыр. Агенттік қазір жұмысшылармен кездесуге компания басшылығы барғанын жазады.

"Евротехсервис" - "Қазақмыстың" мердігер кәсіпорны.
XS
SM
MD
LG