Accessibility links

АҚШ Хельсинки комиссиясы Козловтың үкімін сынады


Хельсинки комиссиясының (АҚШ) төрағасы, конгрессмен Кристофер Смит.
Хельсинки комиссиясының (АҚШ) төрағасы, конгрессмен Кристофер Смит.
АҚШ Хельсинки комиссиясының төрағасы, конгрессмен Кристофер Смит қазақстандық оппозиция жетекшісі Владимир Козловқа шығарылған үкімді сынады.

«Владимир Козлов, Ақжанат Әминов және Серік Сапарғалилердің соты әділ өтпеді, оларды қудалаудың саяси мәні бар екенін анық көрсетті. Жергілікті және халықаралық бақылаушылар істің ойдан құрастырылғанын, куәгерлердің қорғаушылары айғақ бере алмағанын мәлімдеді. Әсіресе Козловтың ЕҚЫҰ адам құқы комиссиясы кездесуіне қатысқанын оның айыбы деп санағаны өте орынсыз болған» деді Кристофер Смит.

Ол Жаңаөзен оқиғасын халықаралық деңгейде тергеуге шақырып, бұл оқиғаны оппозицияға репрессия жасау үшін қолданбауды Қазақстан билігіне ескертті.

Кристофер Смит Жаңаөзен оқиғасына байланысты тергеу кезінде полиция күш қолданды деген деректі те ел билігі қаперге алмағанын айтты.
XS
SM
MD
LG