Accessibility links

"Халифат сарбаздары" басшысының қаза тапқаны хабарланды


"Халифат сарбаздары" ұйымының жауынгерлері Қазақстан үкіметіне доқ көрсеткен мәлімдеме оқып тұр. (Youtube веб-сайтынан алынған скрин-шот).
"Халифат сарбаздары" ұйымының жауынгерлері Қазақстан үкіметіне доқ көрсеткен мәлімдеме оқып тұр. (Youtube веб-сайтынан алынған скрин-шот).
Қазақстандағы былтыр күзде болған кейбір терактілерді мойнына алған террористік "Халифат сарбаздары" ұйымының басшысы саналатын Моезидден Гарсалауи Пәкістанда қаза тапты. Бұл туралы америкалық Foundation for Defense of Democracies ұйымының The Long War Journal веб-сайты хабарлады.

Онда Гарсалауидің Пәкістанның Талибанның бақылауындағы Солтүстік Вазиристан аймағында пилотсыз басқарылатын ұшақ шабуылынан қаза тапқаны айтыладв. Веб-сайт Гарсалауидің "Әл-Қаиданың" жоғары шенді жетекшілерімен байланысы барлығын және "Әл-Қаиданың" жауынгерлерін дайындайтынын жазады.

"Халифат сарбаздары" ұйымы өткен жылы Тараз бен Атырауда болған терактілерді мойнына алған. Ал биыл Қазақстанда ұйым қызметіне тыйым салынды.
XS
SM
MD
LG