Accessibility links

Қамчыбек Ташиев аштық жариялады


"ата Жұрт" партиясының жетекшісі Қамчыбек Ташиев.
"ата Жұрт" партиясының жетекшісі Қамчыбек Ташиев.
Қырғызстанның қамаудағы "Ата Жұрт" партиясының жетекшісі Қамчыбек Ташиев аштық жариялады деп хабарлайды Азаттық радиосының Қырғыз қызметі. Депутат Икрамидин Айтқұловтың айтуынша, Ташиев тек тамақ қана емес, су ішуден де бас тартып отыр.

Сәрсенбіде Бішкек қалалық соты қаланың Первомай аудандық сотының Ташиевті екі айға қамау туралы шешімін күшінде қалдырған. Партия жетекшісіне 3 қазанда болған митингіде билікті күшпен алмақ болды деген айып тағылып отыр. Ташиевтің адвокаты оның аштықты сот үкіміне наразылық ретінде жариялағанын айтады.
XS
SM
MD
LG