Accessibility links

Ақтөбеде түрмеде наразылық танытқандар сотқа тартылды


Бүгін Ақтөбедегі КА 168/1 мекемесінде «тергеу изоляторында бүлік шығарды» деп айыпталған қамаудағы үш адамның үстінен сот отырысы басталды. Бұл туралы Азаттық тілшісіне айыпталушылардың бірінің анасы Галина Петухова хабарлады.

Биыл шілде айының 11-і күні аталған мекемеде қамаудағы 20 адам режимге наразылық ретінде қарындарын жарып, білектерін тілгілеген еді.

Заңгер Галина Петухова бүгін судья Зина Шмироваға сенімсіздік білдіргендіктен процесс кейінге қалдырылған.

Мекемедегі наразылықтан соң Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Мирболат Көпесов түсінік берген еді. Ол "тұтқындардың изолятор корпусында тәулік бойы емін-еркін қозғалып, жақындарымен қалаған уақыттарында кездескілері келеді. Мобильді байланыстың болуын да талап етеді" деген еді.

Ал, сезіктілердің туыстары «абақтыдағылардың жағдай қиын, олар апталап монша көрмейді" деген.

Азаттық тілшісі бұл сот процессі туралы облыстық соттың баспасөз
хатшысы Гүлнұр Симатовадан түсініктеме ала алмады.
XS
SM
MD
LG