"Каспий аймағы стратегиялық маңызы бар аймаққа айналып келеді. Мемлекет Каспий теңізі аймағында су, құрлық және әуеде әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ете алатын заманауи қару-жарақ және техникамен жарақтанған әскер құрады" деді қорғаныс министрі Жақсыбеков бүгін Каспий теңізіндегі Ақтау портында журналистерге.
Министр "Қазақстан" зымыран артиллериялық кемесінің командиріне әскери ту тапсырды. Оның айтуынша, флотқа келесі жылы "Қазақстан" кемесінен де әлеуетті тағы екі кеме тапсырылмақ.
Министр "Қазақстан" зымыран артиллериялық кемесінің командиріне әскери ту тапсырды. Оның айтуынша, флотқа келесі жылы "Қазақстан" кемесінен де әлеуетті тағы екі кеме тапсырылмақ.