Accessibility links

ЕО банктерді бақылайтын орган құрмақ


Еуропа Одағы елдері басшылары саммит кезінде. Брюссель, 18 қазан 2012 жыл.
Еуропа Одағы елдері басшылары саммит кезінде. Брюссель, 18 қазан 2012 жыл.
Еуропа Одағының (ЕО) басшылары Брюссельде өтіп жатқан саммитте одақ елдерінің банктерінің қызметін бақылайтын ортақ орган құруға келісті. Орган келесі жылы құрылмақ.

Банктерді бақылау құзыреті Еуропа Орталық банкіне жүктелмек. Орталық банк ЕО елдеріндегі кез-келген банктің қызметіне араласа алатын болады.

Бұған дейін Еуропа Орталық банкі бақылау жасайтын банктер саны мен бақылау мерзіміне қатысты Франция мен Германия арасында келіспеушілік туындаған. Франция банктерге бақылау жасауды қаласа, Германия мүше мемлекеттердің бюджетіне бақылау орнатуды дұрыс санаған. Бірақ мәселені талқылай келе ортақ орган құру туралы келісім жасалды.

Банк жүйесіндегі проблема Еуропадағы қаржы дағдарысы себептерінің бірі ретінде аталады.
XS
SM
MD
LG