Accessibility links

Қытай теңізде әскери жаттығу бастады


Шығыс Қытай теңізін бақылап жүрген Қытай кемелері. (Көрнекі сурет).
Шығыс Қытай теңізін бақылап жүрген Қытай кемелері. (Көрнекі сурет).
Қытай Жапониямен арада халық қоныстанбаған даулы аралдарға қатысты шиеленіс күшейіп тұрған шақта Шығыс Қытай теңізінде әскери жаттығулар бастады.

Ресми "Синьхуа" агенттігінің хабарлауынша, жаттығуларға Шығыс Қытай флотының 11 кемесі, сегіз ұшағы қатысып жатыр. Агенттік балық аулау кемелері мен теңіз жағасын бақылау кемелерінің қызметтерін атқарып жүрген кезінде "шетелдік кемелердің тосқауылына ұшырағанын" айтады.

Сейсенбіде Жапонияның әскери ұшақтары жапон тілінде Сенкаку деп аталатын (қытай тілінде Дяоюйдао) аралға жақын аймақта жүрген Қытайдың жеті кемесін анықтаған еді. Қытай тарапы кемелердің әдеттегі міндетін атқарып жүргенін мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG