Accessibility links

Люксембургте ханзаданың үйлену тойы өтеді


Люксембург қаласының көрінісі.
Люксембург қаласының көрінісі.
Күні кешеге дейін Еуропадағы ең соңғы бойдақ тақ мұрагері атанып келген Люксембург ханзадасы Гийом бельгиялық графиня Стефани де Ланнуаға үйленіп жатыр.

Бүгін Нотр-Дам де Люксембург соборында жас жұбайлардың неке қию салтанаты өтеді. Жас жұбайлар кеше қалалық ратушада некеге отырған.

Бұл мерекені тамашалауға Люксембург халқымен бірге тыс жерден де туристер жиналды. Сауда орындарында жас жұбайлардың неке тойына арналған әртүрлі заттар: жалаушалар, ыдыстар, шоколод пен шарап және т.б. бұйымдар сатылып жатыр.

Бүгін кешке жас жұбайлар орталықты салтанатпен жаяу аралап өткен соң, бас алаңда мерекелік отшашу мен концерт басталады.
XS
SM
MD
LG