Accessibility links

Полицейді балағаттаған британ үкіметінің мүшесі қызметтен кетті


Эндрю Митчелл.
Эндрю Митчелл.
Ұлыбритания үкіметінде лауазымды қызмет атқарған Эндрю Митчелл отставкаға кетуге мәжбүр болды. Премьер-министр Дэвид Кэмерон үкіметте партияның бас ұйымдастырушысы болған Эндрю Митчеллдің отставкасын қабылдады. Оның орнына бұрын қауымдар палатасында жетекші болған сэр Джордж Янг тағайындалды.

Дау-дамай Митчеллдың жұмыстан соң велосипедке мініп Даунинг Стриттегі үкімет ғимаратының ауласынан шығар кезде өзіне қақпаны ашудан бас тартқан полиция қызметкерімен сөзге келіп қалуынан шыққан. Бұл оқиғадан соң Митчелл бәсекелес Лейбористік партия өкілдерінің тарапынан жауған сынның астында қалды.

Кейін осы оқиғаға байланысы Консервативтік партияның өкілі полицейлерді қызбалықпен балағаттағанын мойындап, оған өкініш білдіріп полиция өкілінен кешірім сұрады. Бірақ полицейлерді қорлап-кемсітетін сөз айтқаным жоқ деп мәлімдеді.

Алайда Эндрю Митчелл мен полиция қызметкерінің түсініктемелеріндегі алшақтықты алға тартқан Ұлыбританияның полиция федерациясы бұл істе табандылық танытып, ақыр соңында лауазымды шенеунік қызметпен қоштасты.
XS
SM
MD
LG