Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд провинциясында полицияның 6 қызметкері қаза тапты. Бейсенбіде жасалған бұл қылмыс туралы бүгін жергілікті билік өкілдері хабарлаған.
Провинция губернаторының мәлімдемесінде полицияның офицері және аспаз бірігіп полицияның екі қызметкеріне тамаққа у қосып бергені, сонан соң тағы төрт адамға тұтқиылдан шабуыл жасап, оларды өлтіргені айтылған. Күдікке ілінген полиция қызметкері ұсталған, аспазды әлі іздестіріп жатыр.
Ауғанстанда полиция өкілдеріне әріптестері тарапынан шабуыл жасау оқиғалары соңғы уақытта жиілеп кеткені хабарланып отыр.