Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Атырау облысында "Теңізшевройл" компаниясының Теңіз кен орнындағы биыл басталуы тиіс жаңа зауытының құрылысын белгісіз мерзімге кейінге ысырды. Бұл туралы министрліктің экологиялық реттеу және қадағалау комитетінің төрағасы Данияр Ереншіновке сілтеме жасаған ҚазАқпарат агенттігі хабарлайды.
Теңіз кеніші орналасқан Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласына барып қайтқан Ереншіновтің айтуынша, министрлік зауыт құрылысының жобасында талаптарға сай келмейтін бірқатар жайттарды анықтаған. "Біз жобадан заңды негізде бас тарттық. Компания жобаны жетілдіріп, оны тиісті қалыпта қайта ұсынуға мүдделі" деді ол.
Қазіргі уақытта Теңізде екі зауыт жұмыс істеп жатыр. Мұнайдың жылдық өндірісі 25 миллион тоннаны құрайды. Құрылысы 2012 жылы басталуы тиіс болған үшінші зауыт іске қосылғаннан кейін өндіріс көлемі 36 миллион тоннаға жетеді деген болжам бар.