Accessibility links

Қазақстандық Илья Пьянзинді қамау мерзімі ұзарды


Ресей президенті Владимир Путинге қастандық жасамақ болды деп айыпталған Илья Пьянзин сотта. Мәскеу, 22 қазан 2012 жыл.
Ресей президенті Владимир Путинге қастандық жасамақ болды деп айыпталған Илья Пьянзин сотта. Мәскеу, 22 қазан 2012 жыл.
Мәскеудің Лефортов аудандық соты Ресей президенті Владимир Путинге қастандық жасамақ болды деп айыпталған Илья Пьянзинді қамауда ұстау мерзімін ұзартты деп хабарлайды "Интерфакс" агенттігі.

Сот тергеушілердің қазақстандықты бұған дейінгі қамау мерзімін 2013 жылдың 25 қаңтарына дейін ұзарту туралы сұрауын қанағаттандырған. Лефортов аудандық соты Пьянзинді биыл сәуірде сырттай тұтқындауға ордер шығарған. Егер ол өз кінәсін мойындаса ол 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Илья Пьянзин мен Адам Осмаев биыл ақпанда Украинаның Одесса қаласындағы пәтерлердің бірінде қолдан жасалған жарылғыш зат жарылып, өздерімен бірге болған Руслан Мадаев қаза тапқан оқиғада ұсталған. Олар Путинге "қастандық жасамақ болғанын мойындады" деп хабарланған еді. Кейін екеуі де өздеріне қысым жасалғанын айтып, мойындаған жауаптарынан бас тартқан.
XS
SM
MD
LG