Accessibility links

Сирияда Башар Асад рақымшылық жариялады


Сирия президенті Башар Асад.
Сирия президенті Башар Асад.
Сирия президенті Башар Асад бүкілхалықтық рақымшылық жариялады. Сирия мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, рақымшылыққа терроризм айыбымен сотталғандардан басқалары ілігеді.

Дамаск Башар Асад режимімен қарулы қақтығыс жүргізіп жатқан оппозицияны әдетте "террористер" деп атайды.

БҰҰ бас хатшысының орынбасары Эрве Ладсу бұған дейін Сирияға жауласушы тараптар бітімге келген жағдайда бітімгерлік күштері жіберілуі мүмкін екенін хабарлаған.

БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы уәкілі Лахдар Брахими соңғы күндері Сирия билігі мен оппозицияны жұма күні басталатын мұсылмандардың Құрбан айты мерекесінде уақытша атысты тоқтатуға көндіруге тырысып жүр.
XS
SM
MD
LG