АҚШ-тың Тәжікстандағы жаңадан тағайындалған елшісі Сьюзан Эллиот Тәжікстан мен Ресейдің таяуда осы елде Ресей әскери базасының қызмет ету мерзімін ұзарту туралы келісімі Вашингтонның Душанбемен қатынасына еш әсер етпейді деп мәлімдеді.
5 қазанда Душанбе мен Мәскеу арасында Тәжікстандағы Ресей әскерилерін 2042 жылға дейін қалдыру туралы келісімге қол қойған. Алғашқы баспасөз жиынын өткізген Сьюзан Эллиот Вашингтонның Тәжікстандағы базаның Қырғызстандағы Манас әуежайына балама болады деп санамайтынын айтты.
Манас әуежайын НАТО өзінің Ауғанстандағы күштеріне керек-жарақ заттарын тасымалдау үшін пайдаланады. Елшінің айтуынша, Манас әуежайын 2014 жылдан кейін де пайдалану жайында келіссөздер жүріп жатыр.