Сәрсенбі, 23 қазанда Сауд Арабиясында мұсылмандардың қажылық парызын өтеуі басталады. Биыл, ресми дерек бойынша, дүние жүзінен 2 миллион адам қажылыққа барған.
Таяу Шығыс елдеріндегі сүнниеттер мен шииттер арасында шиеленіс күшейіп тұрған қазіргі жағдайда Сауд Арабиясы үкіметі қажылықтың таза діни міндет екенін және қажылық шаралары кезінде қандай да бір саяси арандатушылыққа жол бермейтінін ескертті. Саудия билігі қажылыққа Сирия мен Ираннан келгендерді де қабылдайтынын білдірді. Ресми Эр-Рияд Сириядағы Башар Асад режимі мен көтерілісшілердің қақтығысында соңғы тарапты қолдаса, Иран Башар Асад режиміне қолдау көрсетеді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ақпаратына сүйенсек, биыл Сауд Арабиясының қажылық министрлігі Қазақстанға 5 мың 500 квота бөлген. Бұл адамдарды қажылыққа апарумен 20 туристік компания айналысқан.