Accessibility links

Өзбек суретшісіне шетелге шығуға тыйым салынды


Өзбек суретшісі Вячеслав Ахунов.
Өзбек суретшісі Вячеслав Ахунов.
Танымал өзбек суретшісі Вячеслав Ахуновқа шетелге шығуға және Ташкент қаласын тастап кетуге тыйым салынды.

Азаттық радиосы Өзбек қызметінің хабарлауынша, өзбек үкіметінің өкілі суретшіге салынған тыйымды "оның мемлекеттік құпияларды көпке жария етуі мүмкін екендігімен" байланыстырады. Бірақ суретшінің нақты қандай "құпияларды білетіні" айтылмаған.

Вячеслав Ахунов 1948 жылы Қырғызстанның Ош облысында туған. СССР кезінде ол диссидент деп танылды. Таяуда ғана жарық көрген туындысында ол президент Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнара Каримованы маймылға теңеген еді.
XS
SM
MD
LG