Accessibility links

Токио губернаторы жаңа партия құрмақ


Токио қаласының губернаторы Синтаро Исихара.
Токио қаласының губернаторы Синтаро Исихара.
Токио губернаторы Синтаро Исихара бүгін отставкаға кетуге өтініш берді. Баспасөз жиынын өткізген Исихара жаңа партия құру ойы барын айтты. Саясаткердің пікірінше, Жапонияда "шешімін күтіп тұрған мәселе жеткілікті".

Бұрын жазушы болған Синтаро Исихара ұлтшыл көзқарастарымен аты шыққан. Ол Жапонияның арада ортақ территориялық дауы бар Қытайға қатысты қатаң саясат ұстанғанын қалайды. Ол екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қабылданған, Жапонияға соғыс жариялауға рұқсат етпейтін ел конституциясын да сынап жүр.
XS
SM
MD
LG