Алматы қаласындағы Орталық мешітте болып қайтқан Азаттық тілшісінің хабарлауынша, мешіт маңайындағы мал соятын орындарда құрбандық шалуға кезек күтіп тұрғандар бар. Олар базардан алған қойларын көлікпен алып келіп жатыр. Сөздеріне қарағанда, тоқтының бағасы 25 мың теңгеге, үлкен қошқарлардың құны 50 мың теңгеге дейін көтерілген.
Базардағы қойдың қымбаттағанын Қазақстанның жергілікті БАҚ-тары да хабарлап жатыр. Қой бағасының 40 пайызға дейін өскенін food-zone.kz сайты жазған.
«Казах-Зерно» ақпараттық агенттігінің мәліметіне қарағанда, құрбан айт күні базарлар меринос және еділбай тұқымды қойларға толып қалған. Үлкен ісек қойдың бағасы 50 мың теңгеге жеткен.