Фарьяб уәлаятының Меймене қаласындағы Идгах мешітіне кірген жанкешті өзін-өзі жарып жіберіп, айт намазына жиналған 40 адам қаза тапты. Жараланған жұрттың саны 70-тен асты.
Жарылыс айт намазы оқылып біте берген кезде болған.
Уәлаят губернаторының орынбасары Абдул Саттар Барез өлгендердің 19-ы - полиция мен қауіпсіздік күштерінің сарбаздары екенін мәлім етті.
Барездің сөзінше, шабуыл жасаған адам полицейдің формасын киіп тұрған.
Жергілікті шенеуніктер жарылыс орнына құтқарушылар мен дәрігерлер келіп жеткеннен бері зардап шеккендердің саны көбейе түсуі мүмкін деп топшылайды.
Ішкі істер министрінің орынбасары Абдул Рахман алдын-ала сақтандыру шараларының сәтсіздікке ұшырағанын мойындады.
- Айт намазына мыңдаған адам келеді. Бірақ ешкім Талибан, я басқа бір топ намаз үстінде мұндай әрекетке барады деп ойлаған жоқ, - деді ол.
Ауғанстан президенті Хамид Карзай жанкештінің шабуылын айыптап, бұл істі "Ислам мен адамгершілік жаулары жүзеге асырды" деп санайтынын жеткізді.
Әзірше ешбір топ бұл теракт туралы мәлімдеме жасаған жоқ. Бейсенбі күні Талибан жетекшілерінің бірі Мулла Омар өз жақтастарын мұсылмандар үшін қасиетті саналатын мейрам кезінде шабуыл жасамауға шақырған еді.