Accessibility links

Зүлфия Чиншанло Алматыға келді


Ауыр атлетикадан 2012 жылғы Лондон олимпиадасының чемпионы Зүлфия Чиншанло.
Ауыр атлетикадан 2012 жылғы Лондон олимпиадасының чемпионы Зүлфия Чиншанло.
Ауыр атлетикадан 2012 жылғы Лондон олимпиадасының чемпионы Зүлфия Чиншанло бүгін түнде Қытайдан Қазақстанға оралды. Алматы әуежайында спортшыны жеке жаттықтырушысы Виктор Ни күтіп алды.

Алайда жолдан шаршап келгенін айтқан Чиншанло әуежайда өзіне сауал қойған Азаттық тілшілеріне сұқбат беруден бас тартты. Тек оның бапкері Виктор Ни «қытайлық басылымдардағы жазылғандардың бәрі дақпырт» екенін айтып, Чиншанлоның азаматтығын ауыстырғаны рас па деген сұраққа "жоқ" деп қысқа жауап берді.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясының мемлекеттік жаттықтырушысы Меңдіхан Тәпсір алдағы уақытта ауыр атлетика федерациясы Чиншанлоға байланысты баспасөз мәслихатын өткізетінін жеткізді.

Осы аптада Қытайдың бірқатар сайттары Зүлфия Чиншанлоның Қытай азаматтығын алғаны және 2016 жылы Бразилияда өтетін олимпиада ойындарына Қытайдың атынан қатысатыны туралы хабар таратқан еді.
XS
SM
MD
LG