Accessibility links

Қытайда көлік апатынан 5 оқушы көз жұмды


Қытайдың Ганьсу провинциясындағы жолда. Көрнекі сурет.
Қытайдың Ганьсу провинциясындағы жолда. Көрнекі сурет.
Қытайдың батысындағы Ганьсу провинциясында таулы жолмен келе жатқан жүк көлігі аударылып, онда отырған бес оқушы бала және бір ересек адам опат болған деп хабарлады ақпарат құралдары.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, бұл оқиға жұма күні болған. Оқиға салдарынан алты адам жарақат алып ауруханаға түскен.

Қытайда әсіресе ауылды жерлерде мектеп оқушыларын тасымалдайтын автобустар жетіспейді. Жыл сайын бұл елде жол-көлік апаты салдарынан қаза тапқандар саны да азаймай отыр.
XS
SM
MD
LG