Accessibility links

Испанияда үкіметке қарсылық шаралары өтті


Испаниядағы қарсылық шеруі. Мадрид, 23 қазан 2012 жыл
Испаниядағы қарсылық шеруі. Мадрид, 23 қазан 2012 жыл
Испания астанасы Мадридтегі парламент ғимаратының алдына елдің түкпір-түкпірінен мыңдаған адам жиналып, үкіметтің дағдарысқа қарсы қатаң шараларына наразылық білдірді. Олар үкіметтің орнынан түсуін талап етті.

Манифестанттар парламентке арқасын қаратып тұрып «үкімет орнынан түссін» деп айғайлаған. Бұл жерге қоғамдық тәртіпті сақтау үшін әкелінген жүздеген полицейлердің өздері де бюджеттык қысқартуларға таяуда ғана қарсылық жиынын өткізген еді.

Келер жылы бюджет шығысын 40 миллиард еуроға дейін қысқартуды көздеп отырған премьер-министр Мариано Рахойдың үкіметіне қарсы шерулер кеше Испанияның Барселона, Валенсия және тағы да басқа қалаларында өтті.

Осы аптада испан экономикасының ахуалы туралы жаңа мәліметтер жарияланды. Бұл мәліметтерге қарағанда, елдегі еңбекке жарамды азаматтардың төрттен бірі жұмыссыз.
XS
SM
MD
LG