Accessibility links

"Сэнди" дауылы АҚШ-қа жақындап келеді


"Айзек" дауылы соғып өткеннен кейінгі көрініс. Луизиана штаты, АҚШ. (Көрнекі сурет).
"Айзек" дауылы соғып өткеннен кейінгі көрініс. Луизиана штаты, АҚШ. (Көрнекі сурет).
Нью-Йорк басшылығы мегаполиске жақындап қалған "Сэнди" дауылына қарсы тұруға дайындалып жатыр. Қала мэрі Майкл Блумберг 375 мың адамды басқа жаққа көшіруге бұйрық берді. Жексенбіден бастап қоғамдық көліктер қызметін тоқтатты. Дүйсенбіден бастап Нью-Йорктегі барлық мектеп уақытша жабылады.

Осыған дейін "Сэнди" дауылынан Кариб аралдарында 40-тан астам адам құрбан болды. Қазір дауыл АҚШ-қа жақындап келеді. Осыған байланысты Нью-Джерси, Нью-Йорк, Коннектикут, Пенсильвания, Мэриленд, Вирджиния және Вашингтон штаттарында төтенше жағдай жарияланды.

Дауылдың себебінен президенттік сайлауға түсіп жатқан Барак Обама мен Митт Ромни сайлау қарсаңындағы кездесулерінен бас тартып, бірқатар іс-шараларды кейінге қалдырды.

АҚШ-та президент сайлауы 6 қарашада өтеді.
XS
SM
MD
LG