Accessibility links

Аслан Мусин қызметіне кірісті


Аслан Мусин Қазақстан президенті әкімшілігінің жетекшісі болып тұрған кезде. Астана, 1 маусым 2010 жыл.
Аслан Мусин Қазақстан президенті әкімшілігінің жетекшісі болып тұрған кезде. Астана, 1 маусым 2010 жыл.
Бүгін республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Аслан Мусин комитет мүшелерінің жиынын өткізді. Бұл туралы комитеттің ресми сайтында хабарланды.

Жиын барысында президенттің есеп комитетінің қызметін жетілдіру туралы тапсырмасының орындалу мәселесі талқыланып, құрылым жетекшілерінің атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалған.

Бұған дейін оппозициялық басылымдардың бірінде Қазақстан президенті әкімшілігінің бұрынғы басшысы, қазірде есеп комитетінің төрағасы болып істейтін Аслан Мусин "Еуропаға қашты, ол қазір Германияда жүр" деген ақпарат жарияланған. Бірақ есеп комитетінің өкілдері Азаттық тілшісіне Мусиннің "президент әкімшілігінің келісімі бойынша демалыста жүргенін, оның "қашуына" қатысты мәлімет шындыққа жанаспайтынын" айтып, жауап берген еді.
XS
SM
MD
LG