Accessibility links

АҚШ-та "Сэнди" дауылынан 10 адам қаза тапты


"Сэнди" дауылынан кейін су басқан қала көшелері. Мэриленд штаты. 29-қазан 2012-жыл.
"Сэнди" дауылынан кейін су басқан қала көшелері. Мэриленд штаты. 29-қазан 2012-жыл.
АҚШ-тың солтүстік шығысында тропикалық "Сэнди" дауылынан соңғы деректер бойынша 10 адам қаза тапты. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, оның үшеуі Нью-Йорк пен Нью-Джерси штатында қатты желден құлаған ағаштардың астында қалып қаза тапқан.

АҚШ-тың солтүстік шығысындағы штаттарда бір жарым миллион үй электр қуатынан ажыраған. Көпшілік аудандарда электр қуатын тарату қауіпсіздік мақсатында тоқтатылған.

Нью-Йорк мэрі Майкл Блумбергтің мәлімдеуінше, қала маңында электр желілерінің үзілуінен бірнеше өрт болған. Қала мэрі басқа штаттардың басшылары сияқты тұрғындарды көшеге шықпауға шақырып отыр.

Қауіпті аудандардан ондаған мың адам басқа жаққа көшірілген.
XS
SM
MD
LG