Қазақстанның 11 аймағында жергілікті мәслихаттардағы босаған депутаттық орындардың көпшілігіне "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының өкілдері сайланды деп хабарлайды орталық сайлау комиссиясы.
Сайлау комиссиясының ресми сайтындағы деректерге қарағанда, 28 қазанда өткен сайлауда 10 облыстық, 8 қалалық және 27 аудандық мәслихатқа барлығы 45 депутат сайланған. Олардың 42-сі - "Нұр Отан" партиясынан, бір депутат - Қазақстан халықтық коммунистік партиясынан, қалған екеуі - өзін-өзі ұсынғандар.