Accessibility links

Ресейде скинхедтерге сот үкімі шықты


Нацистік белгі салып алған скинхед. Киев, 2007 жыл. (Көрнекі сурет).
Нацистік белгі салып алған скинхед. Киев, 2007 жыл. (Көрнекі сурет).
Мәскеу қалалық соты сейсенбіде "Ян Лютиктің басбұзарлары" деген атпен белгілі алты скинхедті 8 жылдан 19 жылға дейін бас бостандығынан айырды.

Өткен аптада алқа билер соты оларды өзге ұлт өкілдеріне өшпенділікпен шабуыл жасап, өлтірді деп таныған еді. Айыпты жетінші адам ақталды.

Тергеушілер сотталғандардың өзге ұлт өкілдеріне 2009-2010 жылдар аралығында шабуыл жасағандарын айтады. Олардың төртеуі ол кезде әлі кәмелетке толмаған болса, екеуі бұрын сотталған еді.
XS
SM
MD
LG