Тропикалық "Сэнди" дауылы АҚШ-тың солтүстік-шығыс жағалауларынан біртіндеп ығысып, Канаданың ішкері аймақтарына жылжып барады. Соңғы деректер бойынша, бұл екі елде дауыл мен су тасқынынан 50-ге тарта адам қаза тапты. Бұған дейін Кариб бассейні елдерінде дауылдан 70 адам мерт болған еді.
Нью-Йорктегі Джон Кеннеди атындағы әуежай, Ньюарк қаласының әуежайы (Нью-Джерси штаты) бүгін таңертең өз жұмысын қайта бастады. Әуежайлар дауыл салдарынан жұмысын уақытша тоқтатқан.
Дауылдан зардап шеккен аудандарда миллиондаған адам электр қуатынсыз отыр. Нью-Йоркте метро суға толып кетті. Енді ол жұмысын қайта бастау үшін кемінде бірнеше күн қажет. Қалада дауыл кезінде 20-дан астам өрт болды. АҚШ-та дауылдан келген шығын ондаған миллиард долларға бағаланды.
АҚШ президенті Барак Обама бүгін Нью-Джерси штатына барып, штатты қалпына келтіру жұмыстарымен танысады. Обама мен оның президент сайлауындағы қарсыласы Митт Ромни табиғи апат салдарынан сайлауалды кампанияларын тоқтатқан.