Accessibility links

Іле Алатауы паркінің қорықшысы босатылды


Іле Алатауы ұлттық паркіндегі Ақсай шатқалы. (Көрнекі сурет).
Іле Алатауы ұлттық паркіндегі Ақсай шатқалы. (Көрнекі сурет).
Іле Алатауы ұлттық паркіндегі бірнеше кісінің өліміне байланысты тұтқындалған қорықшы Алексей Шкилев қылмыстық жауапкершіліктен босатылды деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

Шкилевтің адвокаты Ермұрат Мұқановтың айтуынша, қорықшыны босату туралы шешім бүгін шыққан. "Шкилев қылмыстық кодекстің 65-бабы бойынша (шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату) жауапкершіліктен босатылды" дейді ол.

13-14 тамыз күндері Алматы облысының аумағындағы "Кордон-Ақсай" шатқалынан 11 адамның мәйіті табылды. Олардың бірі - Іле Алатауы паркінің қорықшысы Панайот Захаропуло. Ал 27 тамызда ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов қаза тапқан 12 адамның мәйіті табылғанын растады. Оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқиғаға байланысты Шкилевтің өртеніп кеткен үйінен "күйген екі қару табылғаны" хабарланып, қорықшы қыркүйек айының басында екі айға қамалған.
XS
SM
MD
LG