Accessibility links

Баспасөз хатшысы Путиннің денсаулығы туралы айтты


Владимир Путин мен оның баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. Мәскеу, 5 наурыз 2012 жыл.
Владимир Путин мен оның баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. Мәскеу, 5 наурыз 2012 жыл.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің денсаулығы нашарлады деген ақпарды жоққа шығарды деп хабарлады Азаттық радиосының Орыс қызметі.

Соңғы кездері Владимир Путиннің бірқатар халықаралық деңгейдегі сапарларынан бас тартуына денсаулығының нашарлауы себеп болды деген әңгімелер шыққан. Бүгін "Коммерсант-FM" радиостанциясына сұхбат берген Песков Путиннің "мәскеулік жүргізушілерге қолайсыздық тудырмас үшін" Ново-Огареводағы резиденциясынан Мәскеуге сирек барып жүргенін айтты. Оның айтуынша, қазір да Путиннің Кремльде болуының ешқандай қажеттігі жоқ.

Таяуда өткен Азия-Тыны мұхиты экономикалық ынтымақтастығы ұйымының саммитінде журналистер Путиннің аздап ақсап жүргенін байқап қалған еді. Песков оны Путиннің "жас кезінде спортпен шұғылданып жүргенде алған жарақаты мазалап жүр" деп түсіндірген.
XS
SM
MD
LG