Accessibility links

Саяси мемлекеттік қызметкерлер саны азаяды


Қазақстандағы саяси мемлекеттік қызметкерлер саны таяу уақытта 6,5 есеге қысқарып, 3277-ден 538 адамға дейін азаяды. Бұл туралы президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Бауыржан Байбекке сілтеме жасаған "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі хабарлады.

"Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау" атты халықаралық конференцияда сөйлеген Байбек: "Біз негізгі басқарушы орындарда кәсіби біліктілігі жоғары 500 адам болғанын мақсат тұтып отырмыз. Саясатты дәл осы 500 адам жүргізеді, осылар реформаларды ары қарай жалғастырады" деді.

Оның айтуынша, іріктеліп алынған 500 қызметкерге жоғары жалақы төленіп, тиісті бонус, қосымша артықшылықтар беріледі.

Бауыржан Байбек бұған қоса "қатаң түрде іріктеліп алынатын" басқарушылар корпусы - "А" корпусы құрылатынын да айтты.
XS
SM
MD
LG