Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
AzattyqTV
29 қазан – 2 қараша 2012 жыл
2 қараша 2012 жыл, 15:27
Өткен аптаның сурет баяны
1
Теміртауда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тағы бір мұражайы ашылды. Онда Назарбаевқа тарту етілген эксклюзивті сувенирлер мен фотосуреттер қойылған. Суретте: Теміртауда ашылған Назарбаев мұражайындағы суреттердің бірі. 17 қазан 2012 жыл.
2
«Экспозицияның мақсаты – Нұрсұлтан Назарбаевтың ғұмырбаяны арқылы Қазақстанның тәуелсіздікке жеткен жолын көрсету», – дейді Назарбаев мұражайының бөлім меңгерушісі Ольга Шувалова. Теміртау, 17 қазан 2012 жыл.
3
Бірінші президенттің жаңа тарихи-мәдени орталығын құру туралы идеяны Қазақстанның премьер-министрі Серік Ахметов ұсынған. Суретте: Нұрсұлтан Назарбаевтың ата-баба шежіресі. Қолдан жасалған бұл дүниені Назарбаевқа тарту еткен. Теміртау, 17 қазан 2012 жыл.
4
Мұражайда Қазақстан президентінің балалық кезі, үйі, студенттік шағы, қызметтік кезеңі және басқа да залдар бар. «Экспонаттарды әлі де жинап жатырмыз» дейді мұражай қызметкерлері. Суретте: Назарбаевтар отбасы пайдаланған тұрмыстық заттар. Теміртау, 17 қазан 2012 жыл.
5
Дүйсенбіде Тараз қаласындағы «Төлебай» базары қақпасының алдында болған наразылық шарасында саудагерлер құрылысы бітпеген жаңа базарға көшпейтіндерін айтты. Тараз, 29 қазан 2012 жыл.
6
Тараз қаласы әкімдігі «Төлебай» базарының «Көне Тараз» этнографиялық тарихи-мәдени ойын-сауық кешенінің құрылуына», «сейсмикалық тұрақсыз, бір қабатты тұрғын үйлердің сүрілуіне» байланысты жабылатынын айтып, саудагерлердің басқа базарға көшуін талап етіп отыр. Суретте: саудагерлер наразылығын бақылап тұрған адамдар. Тараз, 29 қазан 2012 жыл.
7
«Мұражайдың ашылуына қарсы емес» екендерін айтқан саудагерлер «Бізге «қара жерге алып барып, саудаңды жасай бер» дейді. Орын жоқ, далада қалсақ, бала-шағамызға қайдан нан тауып береміз?» деген пікірлерін айтты. Тараз, 29 қазан 2012 жыл.
8
Қазанның 29-ы түстен кейін Шымкент Маңындағы Бадам ауылында болған екі топтың қақтығысында екі адам қаза тапты, 14 адам ауруханаға түсті. Суретте: қақтығыс орнынан табылған гильза. Шымкент, 30 қазан 2012 жыл.
9
Әзірге бұл оқиғаға қатысты бір ғана баппен - Қазақстан қылмыстық кодексінің 96-бабы бойынша адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған, тергеу басталды. «Үш күдікті қамауға алынды» дейді полиция өкілдері. Суретте: Бадам өзенінің жағасында болған қақтығыс орны. Шымкент, 30 қазан 2012 жыл.
10
Болжам бойынша, қарулы қақтығысқа құдалар жанжалы себеп болған. Куәгерлердің айтуынша, Бадам өзенінің жағасында болған төбелеске 50-ге жуық адам қатысқан. Суретте: Шакарназ Бигалиева, Забадам ауылының тұрғыны. Шымкент, 30 қазан 2012 жыл.
11
Қазанның 31-і Жамбыл облыстық соты азаматтық белсенді Вадим Курамшинді ақтаған сот үкімінің күшін жойып, оны қайта қамауға алды. Мұның алдында құқыққорғаушы Вадим Курамшин «Бопсалау» бабы бойынша айыпталған. Ол 2012 жылдың қаңтарынан тамыз айына дейін қамауда болып, ақталып шыққан болатын. Суретте: азаматтық белсенді Вадим Курамшин. Алматы, 31 тамыз, 2012 жыл.
12
Ауыр атлетика федерациясының мемлекеттік жаттықтырушысы Меңдіхан Тәпсір «Лондон Олимпиадасының алтын жүлдегері, зілтемірші Зулфия Чиншанло (суретте) Қытай азаматтығын алайын деп жатыр» деген әңгімеге байланысты Азаттыққа сұхбат берді. «Біз чемпионмен сөйлестік. Оның таңдауы да, қалауы да – Қазақстан» дейді Меңдіхан Тәпсір.
13
Қарашаның 1-і қазақстандық guljan.org веб-сайтында президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Аслан Мусиннің Жаңаөзен оқиғасына қатысты айтылған жауабының көшірмесі жарияланды. Онда Аслан Мусин кем дегенде 16 адам қаза болған Жаңаөзен оқиғасына байланысты «Қару қолдану туралы бұйрықты мен де, ел басшылығы да берген жоқ» деп жауап берген.
29 қазан – 2 қараша 2012 жыл
Recommended
Курск губернаторы украин әскерінің шабуылы кезінде төрт адам жарақаттанғанын айтты
Back to top
XS
SM
MD
LG