Accessibility links

Сирия оппозициясы АҚШ-қа сын айтты


Идлиб қаласына жақын Бинш елдімекеінде Сирия президенті Башар Асадқа қарсы наразылық жиынында тұрғандар. 2 қараша 2012 ж.
Идлиб қаласына жақын Бинш елдімекеінде Сирия президенті Башар Асадқа қарсы наразылық жиынында тұрғандар. 2 қараша 2012 ж.
АҚШ Сириядағы оппозицияның алауыздығы туралы мәлімдеп, үкіметке қарсы күрес пен оппозицияның маңызын кемітуге тырысты деп Ақ үйді кінәлады Сирияның оппозициялық ұлттық кеңесі.

Ұлттық кеңес бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның Сирияның оппозициялық күштері елде түбегейлі өзгерістер жасау үшін жұмыла іс-әрекет жасауға жеткілікті жігер жұмсамай отыр деген сөзімен келіспейтіндігін білдірді.

Сонымен бірге Сирияның оппозициялық ұлттық кеңесі ел аумағындағы әскери қылмыстарға өзінің қатысы жоқ екендігін мәлімдеді. Жұма күні БҰҰ мен халықаралық құқықорғаушы ұйымдар қолға түскен үкімет сарбаздарын қатыгездікпен жазалауға Сирия көтерілісшілерінің қатысы болуы мүмкін екендігін жоққа шығармаған еді.

Бейсенбі күні Идлиб провинциясына көтерілісішілердің жорығынан соң интернетте пайда болған бейнежазабаларда үкімет сарбаздарын алдымен ұрып-соғып, сонан кейін өлтірген сәті көрсетілген.
XS
SM
MD
LG