Accessibility links

Екі сарбазға шығарылған сот үкімі күшінде қалды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Ақмола гарнизонының әскери сотының бұрынғы әскери қызметшілер Ж.К.Танабаев және Т.Зейнолдаға 2012 жылдың 3 тамызында шығарған үкімді апелляциялық алқа күшінде қалдырды деп хабарлады бүгін Қазақстанның бас әскери прокуратурасы.

Қазақстан ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің №6636 әскери бөлімінде қызмет атқарған бұл екеуі билікті теріс пайдалану арқылы өз қызметтестерін қорқытып ақша алғаны үшін айыпты деп танылған.

Әскери сот Ж.К. Танабаевқты бес жылға, Т.Зейнолданы үш жылға бас бостандығынан айырып, жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеуге үкім шығарған.
XS
SM
MD
LG