Иран ақпарат құралдары елде жаңа, жетілдірілген пилотсыз ұшақ құрастырылғанын хабарлады. Жаңа ұшақ аспанда тігінен де ұшып, әуеде бір орында "ілініп" тұра алады.
Иранның Mehr агенттігінің хабарлауынша, жаңа аппарат осы аптаның соңында сынақтан өткізіліп, келесі жылы көпшілікке таныстырылады.
Қазан айында Израильде ел аумағына 55 шақырым шамасында еніп кеткен Иранда жасалуы мүмкін делінген пилотсыз құрылғы атып түсірілген еді. Ливанда әрекет ететін Иранның қолдауындағы "Хезболла" ұйымы оны өздері ұшырғанын мәлімдеген.
Тегеран соңғы бірнеше жылда ондаған пилотсыз ұшақтарын Ливан аумағынан Израильге құпия түрде ұшырып отырғанын айтқан. Бірақ Тель-Авив мұны жоққа шығарады.
Иран үкіметі әскери технологиялар саласында үлкен табыстарға жетіп жатқанын жиі хабарлап отырады. Бірақ тәуелсіз ақпарат көздері ондай ақпараттардың көпшілігі шындыққа сай келмейтінін айтады.