Accessibility links

ТЖМ: Оңтүстік Қазақстанда кейбір үй-жайды су басқан


Жезқазғандағы су тасқыны. Жезқазған, 29 қыркүйек 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Жезқазғандағы су тасқыны. Жезқазған, 29 қыркүйек 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Оңтүстік Қазақстан облысында нөсер жаңбырдан кейбір үйлерді су басты деп хабарлайды ресми агенттіктер.

Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің ақпараты бойынша, жексенбіде нөсерлеп жауған жаңбырдан облыстың Төлеби, Түлкібас, Сайрам аудандары мен Шымкенттің маңындағы Забадам ауылында кейбір үйлердің аулаларын су басқан. Төтенше оқиғадан зардап шеккендер мен бұзылған үйлер жоқ.

Министрлік қазір су басқан үйлерден суды шығарып әкету жұмыстары толықтай аяқталғанын айтады.
XS
SM
MD
LG