Accessibility links

Жаңаөзендіктерді басқа қалалардан жұмыс іздеуге шақырды


Жаңаөзен қаласының атауы жазылған белгі. (Көрнекі сурет).
Жаңаөзен қаласының атауы жазылған белгі. (Көрнекі сурет).
"Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің хабарлауынша, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры жанындағы "Әлеуметтік әріптестік орталығының" директоры Нұрлан Ерімбетов Жаңаөзенде жаңа кәсіпорындар ашу, инвестициялар тарту жұмыстары жүріп жатқанын, бірақ қаланың келешегі әлі шешілмегенін айтқан.

"Қалада 40-50 мың адам ғана жұмыс таба алады. Қала тұрғындары басқа қалалардан жұмыс іздеулері керек. "Қазақстан Жаңаөзенді шақырады" деген ұран тастау қажет" деді бүгін Астанада мұнайшылардың қазіргі жағдайы туралы журналистер сауалдарына жауап берген Нұрлан Ерімбетов.

Оның айтуынша, "ҚазМұнайГаз" компаниясы қолдан келгеннің бәрін жасаған".
XS
SM
MD
LG