Accessibility links

Алматыда 1917 жылғы қазан төңкерісін еске алды


Алматыда коммунистік партиялардың жақтастары 1917 жылғы қазан төңкерісіне 95 жыл толғанын атап өтті деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Қаладағы "Сарыарқа" кинотеатрының жанында өткен рұқсат етілген шараға Қазақстан халықтық коммунистік партиясы мен Қазақстан коммунистік партиясынан ондаған адам қатысты. Жиналғандар сол жердегі төңкеріс күрескерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Шараға қатысқандар СССР кезеңі мен қазіргі жағдайды салыстырып, совет үкіметі тұсында "өмір сүру деңгейінің әлдеқайда жақсы болғанын" айтты.
XS
SM
MD
LG