Америкалық телеарналардың хабарлауынша, АҚШ конгресінің сенатында екінші мерзімге сайланған президент Барак Обаманың Демократиялық партиясы бұрынғыдай басымдыққа ие болып қалды.
Обамадан жеңілген Митт Ромнидің Республикашыл партиясы да өкілдер палатасындағы бұған дейінгі орындарының көбін сақтап қалды.
Сейсенбіде АҚШ-та президент сайлауына қоса сенаттың босаған 39 орны мен өкілдер палатасының 435 мүшесін сайлау болған. Сайлауға дейін де демократтар сенаттағы 100 орынның 51-ін иеленіп, басымдыққа ие болып тұрған. Оған қоса тәуелсіз екі сенатор да көбінесе демократтарға жақтасатын. Сайлаудың алдын ала нәтижелеріне қарағанда, демократтар сенаттағы орындардың көпшілігін иеленген.
Ал бұған дейін өкілдер палатасындағы 435 орынның 242-сін иеленген Республикашыл партия кешегі сайлауда да өз басымдығын сақтап қалды.
Сенат пен өкілдер палатасында басымдықты екі партия өзара бөліскендіктен, екі партияның ұстанымдары бір жерден шықпай, Барак Обама өткен төрт жылда кейбір заңдарды қабылдату кезінде қиындықтарға тап болған еді.