Accessibility links

АҚШ-тың екі штатында есірткі заңдастырылды


Марихуана. (Көрнекі сурет).
Марихуана. (Көрнекі сурет).
АҚШ-тың Колорадо және Вашингтон штаттарының тұрғындары марихуананы жеке мақсатта пайдалануды қолдап дауыс берді.

Енді Колорадода 21 жасқа толған азаматтар 28 грамға дейінгі мөлшердегі есірткіні сақтап, пайдалана алады. Бірақ оны қоғамдық орындарда пайдалана алмайды. Бұған қоса тұрғындар үй-жайларында алты түп қарасора шөбін өсіре алады.

Ал Вашингтонда марихуананы өндіру және жасауға лицензияны штат үкіметі береді. Мұнда да Колорадо штатындағыдай кәмелеттік жасқа толғандар 28 грамм есірткіні еркін пайдалана алады.

Бұл екі штаттағы жаңа заң каннабисті заңсыз есірткі деп танитын федералдық заңға қайшы келіп тұр.
XS
SM
MD
LG