Accessibility links

Тибетте төрт адам өз-өзін өртеді


Тибетте сәрсенбіде төрт адам Қытай үкіметінің басқаруына наразылық танытып, өздерін өртеді деп хабарлайды жергілікті ақпарат құралдары мен құқық қорғаушылар.

Сычуань провинциясында үш монах өздерін өртеп, оның біреуі қаза тапқан. Екеуі ауруханаға түскен. Цинхай провинциясынан 23 жастағы тағы бір әйел монах та өз-өзін өртеді.

Бүгін Пекинде Қытай коммунистік партиясының құрылтайы ашылды. Құрылтайда мемлекет басшылығы мен партия жетекшілері ауысады деген жоспар бар.

2011 жылдың басынан бері 60-қа тарта тибеттік Қытайдың саясатына қарсылық ретінде өздерін өртеді.
XS
SM
MD
LG