«Қазақпараттың» хабарлауынша, бейсенбі күні қазақ және қытай үкіметі арасында энергетика саласына қатысты Пекинде өткен жиында газ құбырын салу туралы келісім жасалған.
"Отырыс қорытындылары бойынша тараптар ҚР үкіметі мен ҚХР үкіметі арасындағы "Сарыбұлақ - Зимұнай" газ құбырын салу мен пайдалану жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге және Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің энергетика саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі шағын комиссиясының 6-шы отырысының хаттамасына қол қойды" деп жазылған агенттік сайтында.
2009 жылы "Түркіменстан-Өзбекістан-Қазақстан-Қытай" жобасының бір бөлігі - «Қазақстан-Қытай» газ құбырының алғашқы тармағы дайын болып, қолданыла бастаған еді.
Қатар жүргізілген газ құбырының ұзындығы – 1304 шақырым.